Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі, көптеген қайырымдылық шараларымен ел-жұрттың алғысына бөленіп жүрген Қайрат Құдайберген де коронавирус инфекциясына шалдықты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол үш күн бойы дене қызуы көтерілгеннен кейін ПТР-тест тапсырған. Науқастанып қалғанын өзі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Видеода кәсіпкер көзі жасаурап, демігіп, әрең сөйлеп отыр.
Тест қорытындысын күтіп жатқан Қайрат Құдайберген елімізде коронавирустың өршіп тұрғанына сенбей жүрген көпшілікті өзін және туыс-туғандарын індетті жұқтырып алудан сақтауға шақырды.