$ 495.2  522.34  4.94

«Жедел жәрдем шақырушылардың саны төрт есеге көбейді» - Көлгінов

Бұрын жедел жәрдемге 1 мыңнан астам өтініш келіп түссе, қазір 4 мыңға дейін дейін көбейген.
фото: facebook.com/altay.kulginov
фото: facebook.com/altay.kulginov

Осыған байланысты қала әкімі Алтай Көлгінов медициналық мекемелердің басшыларымен онлайн-режимде кездесу өткізіп, коронавирус инфекциясының күрт өршуіне байланысты бірқатар маңызды дүниелер талқылаған. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өз Instagram парақшасында  жариялады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Вирус жойылып кеткен жоқ. Қазір ең бастысы - науқастарға арналған қосымша төсек-орындар дайындау, медициналық дәрі-дәрмек/құрал-жабдықтар қорын толықтыру. Қалалық және жекеменшік емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлерімен, зертханалардың және дәріханалардың басшыларымен онлайн-кездесу өткіздім.

Бірінші. Зертханалар келесі аптаның басынан бастап жұмыс ауқымын арттырады. Мысалы, Invivo зертханасы тәулігіне тест санын 1 мыңнан 2 мыңға дейін көбейтеді. Олимп шамадан тыс жүктеме мен жүйені өңдеу қажеттілігіне байланысты сейсенбі күні жұмысын жалғастырады. Олардың жүктемесі артады. Бұл басқа зертханаларға да қатысты.

Екінші. Тестілеу режимінде мобильді зертханалардың жұмысын іске қосамыз. Бұл – тәулігіне тағы 1 мың тест. ПТР-тесттерді қабылдау және нәтижелерді өңдеу бір топ медицина қызметкерлеріне үйретілді. Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз.

Үшінші. Дүйсенбі күні қосымша 200 төсек-орнын ашамыз. Сондай-ақ, басқа да мекемелерді стационарларға қайта бейімдейміз.

Төртінші. Травматология және ортопедия ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Green Clinic сияқты Республикалық клиникалармен КТ өткізу мүмкіндігін бекіту туралы келісімге қол қойдық.
Бұл пневмонияны ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге қосымша компьютерлік томография мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып аламыз.

Бесінші. Егер бұрын жедел жәрдемге 1 мыңнан астам өтініш келіп түссе, қазір 4 мыңға дейін жетіп отыр. Жедел жәрдем станциясы базасында ашылған колл-орталық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Од барлық емханаларда болады. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі.

Алтыншы. Телемедицинаны пайдалану тәжірибесі жалғасып жатыр. Коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау арқылы және басқа байланыс арналары арқылы денсаулықты қадағалайды және инфекцияның симптомсыз тасымалдаушыларына барлық мәселелер бойынша кеңес береді. Пациенттерде симптомдар пайда болған жағдайда ауруханаға жатқызылады.

Жетінші. Дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектер уақтылы әкелінуі тиіс. Өз тарапымыздан барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз», - деп жазған қала басшысы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары