$ 498.34  519.72  4.85

Коронавирусты үй жағдайында емдеуге болатын ингалятор пайда болды

Дер кезінде қолданылса бұл ингалятор арқылы ең ауыр деген асқынулардың да алдын алуға болатындығы дәлелденіп отыр.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Ғалымдар коронавирусты өз бетінше емдеуге арналған ингалятор жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.   

Аталмыш дерек көзінің жазуынша, коронавирусты өз бетінше емдеуге арналған ингаляторды Саутгемптон университетінің ғалымдары жасап шыққан. Құрылғы аурудың ерте сатысын емдеуге арналған. 

Зерттеу авторларының айтуынша, COVID-19-дан емделуді уақытында бастаса, өлім-жітімді қоса алғанда, ең ауыр асқынулардың өзінің алдын алуға болады.

Ингаляторға демалу барысында науқастың өкпесіне енетін және иммундық жүйенің инфекциямен күресуіне мүмкіндік беретін эксперименталды дәрі қолданылған. Ғалымдар сонымен бірге SNG-001 препараты да қолданылатынын атап өткен. Ол үшін препаратты өкпеге терең ене алатындай етіп ұсақ тозаң бөлшектеріне айналдыру қажет болған. 

Зерттеу шеңберінде ингалятор пациенттерге коронавирустың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін 72 сағат ішінде берілуі тиіс екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары