$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанның коронавирусты емдеу хаттамасына тағы өзгеріс енгізілді деген ақпарат жалған» - министрлік

Қазіргі уақытта клиникалық хаттаманың 11-ші редакциясы әлі шыққан жоқ. Соңғысы – 10-шы редакция. Тек оған «Фавипавир» препараты енгізілген.
фото: baigenews.kz
фото: baigenews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 індетіне қарсы ем-дом шарасын хаттамасын 11-ші өзгертті делінген ақпараттар шындыққа жанаспайды деп хабарлады Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті.

Аталмыш мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, COVID-19 індетіне қарсы хаттамаға «Фавипавир» препаратын енгізу туралы қаулы ғана қабылданған. «Оған фавипиравир мен ремдесивир секілді вирусқа қарсы препараттар енгізілді. Көптің талқысына түскен фавипиравир 2020 жылдың 20 маусымындағы клиникалық хаттамаға кіргізілген. Ол тек стационарлық деңгейде қолданылады. Фавипиравир 2014 жылы Жапонияда жасалған. Тұмауға қарсы препарат ретінде ресми түрде қолданылып келеді. Сонымен бірге қазіргі уақытта қазақстандық клиникалық хаттама халықаралық үздік мәліметтерге сәйкес симптомды және патогенетикалық терапияға басымдық береді. Оған сәйкес хаттаманың соңғы редакциясы бойынша амбулаториялық деңгейде парацетамолды, ибупрофенді, сондай-ақ антикоагулянттарды (ривароксобан, апиксабан, дабигатран) пайдалануға кеңес берілді. Қазіргі уақытта клиникалық хаттаманың 11-ші редакциясы әлі шыққан жоқ. Соңғысы – 10-шы редакция», - делінген комитеттің хабарламасында. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанның коронавирусты емдеу хаттамасына тағы өзгеріс енгізілді

Бұған дейін лопинавир/ритонавир және гидроксихлорохин секілді препараттар қолданылып келген. Алайда клиникалық зерттеу нәтижесі олардың тиімділігін растамаған. Ол туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасаған. «Осы ғылыми мәліметтер негізінде лопинавир/ритонавир және гидроксихлорохин Сапа бойынша біріккен комиссияның 2020 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен Қазақстанның да клиникалық хаттамасынан алынып тасталды», - деп көрсетілген арнайы мәлімдемеде. 

Айта кетерлігі, еліміздің коронавирусқа қатысты емдеудің клиникалық хаттамасы айналасы үш-төрт айдың ішінде он шақты рет өзгертілген. Кеше осы хаттаманың 11-нші өзгертілгені туралы сыбыс тараған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары