Алматы облысының Ақсу ауданында шаруа қожалықтарының иелері медициналық мекемелерді тегін қымызбен қамтамасыз ете бастады.
Осындай шаруа қожалықтардың арасында Дастан Сырттанов, Ерболат Тасболат, Қалқаман Самалбек сынды бірқатар азаматтар бар. Қымызды жеткізуге шаруа қожалық иелеріне жергілікті волонтерлер қолғабыс етеді. Осы уақытта шаруа қожалықтарының жомарттығының арқасында 40 отбасына қымыз жеткізілді.
«Қазіргі жағдайда денсаулығыңды күтіп, жақындарыңа қамқор болған жөн. Қауіпті вирус жүздеген адамның өмірін қиды. Осындай жағдайда біз қалың көпшілікке қол ұшын созып, ортақ істен сырт қалмауымыз керек. Індетпен бірлесе күресу керек. Қымыздың шипалық қасиеті халқымызға ежелдан аян. Сондықтан біз бұл істі әлі де жалғастырамыз»,-деді Дастан Өмірзақұлы.
Айта кететін мәселе, шаруа қожалығының иелері орталық аудандық ауруханадағы науқастар мен медицина мамандары үшін қой еті мен 50 литр қымыз жеткізіп берді.