$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19: Ақмола облысында автожолдар қайта жабылып жатыр

Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақ аумағында 11 блокбекет пен 10 мобильді топ жұмыс істей бастайды. Мұнда 100-ге жуық полиция қызметкері қызмет етеді.

Ақмола облысының аумағында блокбекеттер тәулік бойы қайтадан жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аймақта коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізілді. Ол локдаун аяқталғанға дейін әрекет етеді.

Бурабай ауданы ерекше бақылауда болады. Онда 6 блокбекет бар және 7 мобильді топ жұмыс істейді. Зеренді және Ерейментау аудандарына кіретін жол да жабылады. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақ аумағында 11 блокбекет пен 10 мобильді топ жұмыс істей бастайды. Мұнда 100-ге жуық полиция қызметкері қызмет етеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің облыстағы рекреациялық және курорттық аймақтарда карантиндік іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шыққан болатын. Басқарма қызметкерлері азаматтарды уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға және аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды жақсарту үшін ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары