23.08.2020, 11:29

Қазақстанда өткен тәулікте 730 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

фото: coronavirus2020.kz
Коронавирус пен пневмонияны қосқанда 21 адам қайтыс болған.

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 730 адам шалдықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 730 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 1093 адам емделіп шықты», - делінген coronavirus2020.kz сайты ақпаратта.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 944 адам емделіп жатыр, оның ішінде 53 бала бар. Стационарларда – 5 715 пациент, амбулаториялық деңгейде ем алып жатқан 6 229 пациент бар.