$ 494.87  520.65  4.91

Елордадағы «Шапағат», «Әлем» базарларында карантин талаптары сақталмаған

«Әкімшілік сипаттағы шаралар қолданатын боламыз. Кодекске сәйкес, ескертулер берілмейді, тек айыппұл санкциялары тағайындалады», - деді Байқоңыр аудандық санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Асыл Сералы.

Елордалық мобильді топ «Шапағат» және «Әлем» сауда үйлерін тексеру барысында, сатушылардың да, сатып алушылардың да карантин талаптарын бұзғаны анықталды. Енді сауда нысандарының әкімшіліктеріне ірі көлемде айыппұл салынады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Шапағат» сауда үйін тексерушілер дүңгіршектер жанында белгілердің жоқтығын, әлеуметтік қашықтық пен маска режимінің сақталмағанын анықтады. Сонымен қатар, мобильді топ өкілдері санитарлық дәрігердің қаулысына сай, әр 50 метр сайын санитайзерлер қойылмағанын атап өтті.

«Екі кіреберістің бірінде температура өлшенбейді. Залдардың бірінде олар орнатылмаған, тек бір жерде ғана бар. Әкімшілік сипаттағы шаралар қолданатын боламыз. Кодекске сәйкес, ескертулер берілмейді, тек айыппұл санкциялары тағайындалады. Субъектінің санатына байланысты: егер кіші болса – 200-300 АЕК, егер ірі болса – 1 600 АЕК», - деді Байқоңыр аудандық санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Асыл Сералы.

Сондай-ақ, мониторинг тобының өкілдері келушілер саны бойынша ескертулер жасады.

«Әкімшілік кіреберісте, залда күзет бар-жоғын бақылауы керек; сатушылармен нұсқаулық өткізуі тиіс», - деп атап өтті Асыл Сералы.

Базар басшылары барлық ескертулерді жоюға уәде берді.

«Әлем» СҮ-де санитарлық талаптар әлдеқайда мұқият сақталған. Алайда, ереже бұзушылықтар бұл жерден де табылды.

«Әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған ешқандай белгі жоқ, келушілер арасында маска режимі сақталмайды. Сондай-ақ, сатушылар масканы дұрыс тақпаған. Біз залдан санитайзерлер байқамадық, тек кіреберісте ғана орнатылған. Нәтижелерді жергілікті полиция қызметімен талқылаймыз, бұзушылықтар туралы рапорт жасаймыз, әрі қарай шара қолданамыз», – деп түсіндірді Асыл Сералы.

Сондай-ақ, санитарлық-гигиеналық бақылау басшысы нысандарда мониторингтік іс-шаралар күн сайын жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алайда, ең бастысы – ережелерді сақтау, өйткені, қатаң шаралардың арқасында ғана коронавирустың таралуын толығымен болдырмауға болады.

«Ережелерді бәрі біледі, бірақ, бұзады. Мұны бірнеше рет жасайтын нысандар бар. Ең алдымен, вирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық санитарлық нормаларды сақтау керек. Бұл – ең бірінші маска режимін сақтау, өйткені, вирустың ауа тамшылары арқылы берілетіні белгілі. Егер адамдар бір-бірімен байланыста болса, вирус тоқтамайды. Барлық санитарлық нормалар, қаулылар осы вирустың таралуын болдырмау үшін қажет», – деп түйіндеді сөзін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары