$ 444.32  473.33  4.76

БҚО-да коронавирустан 6 медицина қызметкері қайтыс болған

Марқұмдардың отбасына 10 млн теңгеден өтемақы беріледі.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

БҚО-да коронавирустан 6 медицина қызметкері қайтыс болған. Олардың отбасыларына 10 млн теңге көлемінде өтемақы берілмек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Мой Город" басылымына сілтеме жасап. 

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюповтың айтуынша, індетпен күресу барысында еңбек еткен мамандарға қосымша төлемдер мен өтемақылар берілген. . 

"Өкінішке қарай, дәрігерлеріміздің арасында вирус жұқтырғандар болды. Олар да екі миллион теңге көлемінде өтемақы алды. Жалпы 70 адамға төлем алды. Қайтыс болған алты медицина қызметкеріне қатысты материалды талдау бойынша комиссияның отырысы өтіп жатыр. Олардың отбасы 10 миллион теңгеден алады", - деді Каюпов.  

БҚО бас дәрігерінің сөзінше, қазіргі кезде облыста 30 мыңнан аса қосымша ПТР-тест бар. Оны кез келген ауруханада тапсыруға мүмкіндік бар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары