$ 448.89  477.93  4.76

СҚО-ның 3 ауданына қарасты ауылдарда үй құстары қырылып жатыр

Барлығы 686 бас құс тіркелді. Олар үй иелерінің ауласында өртеліп, дезинфекциялық шаралар жүргізілді.
фото: ozmo.ru
фото: ozmo.ru

Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданында үй құсының жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, құстардың қырылуы Тимирязев ауданының Тимирязево және Элеваторный елді мекендерінде, Ғ.Мүсірепов ауданының Чернобаевка ауылында, Сухорабовка ауылында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында анықталды. Барлығы 686 бас құс тіркелді. Олар үй иелерінің ауласында өртеліп, дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

«Ветеринарлық қызмет құстардан қан мен ішкі ағзаларын зертханалық тексеруге алды. Олар індеттің себебін анықтау үшін «Республикалық ветеринарлық лабораторияға» жіберілді. Облыс прокуратурасы жағдайды бақылауға алды. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді қадағалау органы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары