$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетіні белгілі болды

Қазақстанда 4600 адам емделіп жатыр. Егер олардың саны тәулігіне 30 мыңға жетсе, соған сәйкес елімізде қатаң карантин енгізіледі.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Қазақстанда қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетіні белгілі болды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Айқын.кз.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетінін айтты.  

"Қазақстандықтар мен министрлікті бір тәулікте коронавирусқа шалдықққан қазақстандықтар саны алаңдатуы тиіс.  Қазір салыстырмалы түрде Қазақстанда 4600 адам емделіп жатыр. Егер олардың саны тәулігіне 30 мыңға жетсе, соған сәйкес елімізде қатаң карантин енгізіледі. Бұл басты көрсеткіш ", – деді Қожахметов ОКҚ-де брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, еліміздің денсаулық сақтау жүйесі күніне коронавирус жұқтырған 70 мың адамды қабылдауға дайын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары