$ 447.4  477.55  4.76

Ракпен ауыратын адамдарға емді тоқтату ұсынылды

Институттың басқарма басшысы ракпен ауыратын адамдарды барынша күтініп, гигиена талаптарын сақтауға шақырды.
Фото: qazaqstan.tv
Фото: qazaqstan.tv

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға коронавирус жұқтырған жағдайда, ракты емдеуді тоқтата тұру ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма басшысы Диляра Қайдарова айтты.

"Пациенттерге мынаны ескерткіміз келеді. Қатерлі ісікке шалдыққан науқаста коронавирус анықталса, барлық халықаралық стандарт бойынша емді тоқтата тұру ұсынылады. Бұл химиялық терапия, сәулемен емдеу, хирургиялық ем. Науқасты коронавирус кезінде рактан емдеуге үзілді-кесілді тыйым салынады", – деді Қайдарова онлайн брифингте.

Айтуынша, егер пациентте коронавирустың жеңіл түрі болса, ол адам емханаға барып немесе 14 күн үйінде емделе алады. Кейін коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткенде, қатерлі ісіктен ем алуын жалғастырады.

"Яғни, біз емді тоқтатып тастамаймыз. Коронавирус кезінде химиялық терапия, сәулемен емдеу және хирургиялық ем пациенттің жағдайын одан әрі нашарлатып жіберуі мүмкін. Түрлі асқынуларға әкеп соғуы мүмкін", – деді ол.

Қайдарова ракпен ауыратын адамдарды барынша күтініп, гигиена талаптарын сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары