$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан қайтыс болды

«Уктам Исаұлы Барноев бүгін 56 жасында коронавирус тудырған асқынулардан қайтыс болды», - деді Өзбекстан Министрлер кабинеті жанындағы оперштаб өкілі.

Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев жексенбіде коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, коронавирус Өзбекстанда алғаш рет наурызда анықталған болатын. Ал жексенбіде науқастардың саны 51 235-ке жетті. Індеттен барлығы 429 науқас қайтыс болды.

Тамыз айында жаңа жағдайлардың саны күніне 600-700-ден 200-300-ге дейін азайды. Алайда, қыркүйек айында динамика қайтадан өскен.

«Уктам Исаұлы Барноев бүгін 56 жасында коронавирус тудырған асқынулардан қайтыс болды», - деді Өзбекстан Министрлер кабинеті жанындағы оперштаб өкілі.

Барноев осы жылдың ақпан айында Өзбекстандағы аграрлық және азық-түлік секторларын басқаратын вице-премьер лауазымына тағайындалған еді. Бұған дейін ол Республиканың Бұхара облысын басқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары