21.09.2020, 04:40

Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 104 науқастың жағдайы ауыр

фото: zakon.kz
18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19-дан емделіп жатқандар арасындағы 104 науқастың жағдайы нашар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 690 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1900 науқас жатыр. 1 790 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 104 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.