Денсаулық 21.10.2020 сағат 15:40

Алматылық дәрігер тұрғындарды өзін-өзі емдемеуге шақырды

Сонымен қатар, ол адамдарды өз бетінше антибиотиктерді қабылдамауға шақырды.
Алматылық дәрігер тұрғындарды өзін-өзі емдемеуге шақырды
Фото: uznaiki.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыдағы №12 Қалалық емхананың жалпы практика дәрігері бөлімшесінің меңгерушісі Индира Қалқабаева онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясы, тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциясы өршіп тұрған кезде тұрғындарды өз бетінше емделмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзін-өзі емдеу – бұл адам өзінің физикалық немесе психикалық ауруын емдеуі үшін химиялық заттарды немесе кез келген сыртқы әсерді қолданатын адамның мінез-құлқы», – дейді дәрігер.

Сонымен қатар, ол адамдарды өз бетінше антибиотиктерді қабылдамауға шақырды.

«Суық пен тұмауды жеңуге арналған ауыр артиллерия - антибиотиктер. Бірақ антибиотиктермен емделмес бұрын дәрігермен кеңесіп, аурудың сипаты бойынша тексеруден өтіп, оның бактериялық инфекция екенін растап, содан кейін ғана мамандандырылған емдеуді бастау керек. Дәрігердің қатаң бақылауымен»,– деді спикер.

Оның айтуынша, өзін-өзі емдеу жүкті әйелдер үшін қауіпті.

«Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдауы әсіресе қолайсыз. Олар белгілі бір дәрі-дәрмектерді дәрігердің рұқсатымен және төтенше жағдайларда ғана қабылдай алады. Балалар мен қарттарда дәріге сезімталдық жоғары болады. Сондықтан оларға арналған дәрілердің мөлшері азаяды. Пациенттер көбінесе емдік шөптерді пайдаланады. Шөптермен емдеу денсаулықты қалпына келтіруге пайдалы болуы мүмкін, бірақ оларды үлкен біліммен және маманның бақылауымен ғана қолдану керек»,– деді Индира Қалқабаева.

Сөз соңында, ол коронавирус індеті, тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциясы өршіп тұрған кезде өз бетінше емделуге болмайтынын баса айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар