$ 494.87  520.65  4.91

Денсаулық сақтау министрлігі науқастар саны көбейген өңірлерді атады

Мониторингтік топтар бір аптада бақыланған объектілердің жалпы санының 10%-ы шектеу шараларын сақтамағанын анықтаған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова республикадағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.  А.Ғинияттың айтуынша, соңғы екі аптада республиканың барлық аймағында COVID-19 ауруының жоғарылауы байқалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 2,6 есеге өскен. Сондықтан жергілікті әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейтуді қолға алды.

«Бүгінгі таңда қызыл аймақта тек Шығыс Қазақстан облысы тұр. Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары сары аймақта, ал қалған аймақтар әлі де жасыл аймақта », - деп атап өтті вице-министр.

Пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын анықтау үшін 3 миллионнан астам сынақ жүргізілді. Шілде айында орталықтарда зертханалық талдау жасау мүмкіндігі күніне 40 мың болса, бүгінде ол күніне 70 мыңға жетіп отыр, сынақтардың саны апта сайын артып келеді.

«Алдыңғы аптада ел бойынша тест тапсыру 200%-ға өскені байқалды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында зертханалық жұмыстар үш есе, Шығыс Қазақстан облысында - екі есе, Алматы және Ақмола облыстарында сәйкесінше 2,4 және 1,6 есеге өскен», - деп атап өтті А.Ғиният.

Өз кезегінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова тұрғындардың карантиндік шаралардың сақталуына қатысты бейқамдығы байқалатынын атап өтті. Оның айтуынша, заң бұзушылықтар тұрғындар арасында да, кәсіпкерлік нысандары арасында да анықталып отыр.

«Мониторингтік топтар бір аптада бақыланған объектілердің жалпы санының 10%-ы шектеу шараларын сақтамағанын анықтаған. Шығыс Қазақстан облысында заң бұзушылықтардың саны 11% -дан 18% -ға, Қостанайда 8% -дан 28% -ға дейін өсті », - деп хабарлады А.Есмағамбетова.

Мәселен, 6 қазаннан бастап ҚР Мемлекеттік шекарасын автомобиль өткізу пункттері арқылы 149 мыңға жуық  ҚР азаматы мен шетелдіктер, оның ішінде 45 295 жолаушы кесіп өтсе, 10 202- сі  карантиндік стационарларға орналастырылған. Олардың 278-нен оң нәтиже анықталған. Халықаралық рейстермен шамамен 61 мың жолаушы келсе, 8 352-ден ПТР тесті алынған, 41 жағдай анықталды. Египеттен 17, Түркиядан - 13, Беларусь Республикасынан - 16, Ресейден - 1 және БАӘ – 4 отандасымыз келген.

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясымен аурудың күнделікті мониторингін жалғастыруда. 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 4 қарашасы аралығында КВИ-дің 519 жағдайы тіркелді. Кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 186 жағдай, ал қашықтықтан білім алатын балалар арасында 333 оқиға тіркелген. Барлық ошақтарда 3 мыңнан астам байланыс анықталды, олардың арасында коронавирус инфекциясының 50 жағдайы анықталды.

Жалпы, пандемия басталғалы коронавирус инфекциясы 3164 балада тіркелді, оның 114-і жаңа туған нәресте. Адам өлімі тіркелген жоқ.

Брифингте Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс педиатры Риза Боранбаеваның атап өткеніндей, бүгінде республикада «балалардағы коронавирус инфекциясын» диагностикалау мен емдеудің жеке клиникалық хаттамасы жасалды, онда COVID-19 ерекшеліктері мен курсы көрсетілген. Балалардағы COVID-19 ауруының қабыну синдромы, диагностика және емдеу әдістері, сонымен қатар инфекциядан кейінгі балаларда динамикалық емдеу алгоритмдері де бар. Клиникалық хаттама әлемнің соңғы деректері, ДДСҰ мен ЮНИСЕФ ұсынымдары негізінде жасалған.

Диагноз қою және консультативті-практикалық көмек көрсету үшін республикалық орталықтар мен жетекші медициналық жоғары оқу орындарының сарапшылар тобы құрылды, олар көп жүйелі қабыну синдромы бар барлық балаларды онлайн режимінде және телемедицинада қадағалайды, әр балаға жеке емдеуді таңдау арқылы консультациялар өткізіледі, - деп сендірді Р.Боранбаева

«Балалық шақтағы коронавирус инфекциясы көбінесе симптомсыз және жеңіл болатынын ескере отырып, балалардың көпшілігіне амбулаториялық емдеу ұсынылады», - деп толықтырды елдің бас педиатры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары