Алматыдағы №25 қалалық емхананың бас дәрігері Әлия Мазбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында коронавирусқа қатысты күрделі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, тұрғындарға алдын алу шаралары туралы еске салды.
А. Мазбаеваның айтуынша, кейбір елдерде инфекцияның қайталану жағдайлары, ауруды жұқтырудың өсуі байқалады.
Анықтама үшін: Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік шектеулердің күшейтілгенін хабарлады. Елде жалпыға міндетті маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақтау және гигиена шаралары енгізілуде.
Италияда сәрсенбіге қараған түні премьер-министр қоғамдық өмірдегі жаңа шектеулер туралы декретке қол қойды. Атап айтқанда, бейсенбіден бастап республикада коменданттық сағат жұмыс істей бастайды: кешкі оннан кейін азаматтар үйлерінен тек қатты қажет жағдайларда ғана шыға алады.
Швеция коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты дәмханалар мен мейрамханаларда дастархан басында бірге отыра алатын адамдардың санын 8 адамға дейін шектеді.
Әлемдегі эпидемиялық ахуалдың қайта ушығуына байланысты және алдыңғы тәжірибені ескере отырып, Алматы қаласының барлық емханалары коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайындықты қамтамасыз етті.
Емханалардың жұмысында COVID-19 бойынша ақпараттық жұмыстарға, коронавирус инфекциясын жұқтырудың сақтық шараларына ерекше назар аударылады, өйткені қарт адамдар, жас балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулармен (астма, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары) ауыратын және иммунитеті әлсіреген адамдар ауруға бейім және тәуекел (қауіп) тобына жатады.
Бас дәрігер Алматы тұрғындарына коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын еске салып, келесі ұсыныстарды берді:
- респираторлық инфекцияның айқын белгілері бар адамдармен, сондай - ақ адамдар көп жиналатын орындармен байланысқа түспеу;
- тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану: бір реттік медициналық маскалар, респираторлар;
- түшкіру немесе жөтелу кезінде тыныс алу этикетін сақтаңыз;
мәдени-жаппай іс-шараларға қатыспау;
- қол гигиенасын сақтау (сабын және антисептикалық құралдарды пайдалана отырып), оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарға барғаннан кейін;
- жедел респираторлық вирустық аурудың белгілері болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
«Алдын алу шаралары әрбір адамға қатысты. COVID-19 жағдайы ушыға түсті, алматылықтарды алдын алу шараларын ұстануға шақырамын. Тыныс алу ауруының белгілері болған кезде өзін-өзі емдеуді болдырмау және дәрігерлердің көмегіне жүгіну керек. Бұл ретте, жоқ, өз бетімен емханаға барып, айналасындағыларға жұқтырудың қажеті жоқ, дәрігерді үйге шақыру керек», - деп атап өтті бас дәрігер.
Халықты коронавирустың жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы хабардар ету емханалардың сайттарында, әлеуметтік желілерде ақпарат орналастыру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, МӘМС бойынша ақпараттық–түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін буклеттер әзірленді.