$ 447.4  477.55  4.76

«Қабақтың салбырап кетуі - ауыр симптом» - ғалым

Кейде науқастарда метастатикалық ауру белгілері байқалады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Өкпенің қатерлі ісігінің негізгі белгілерінің бірі - қабақ синдромы. Бұл туралы Express басылымына Лондон ауруханасының тыныс алу жолдары жөніндегі кеңесшісі, профессор Джордж Сантис мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Оның айтуынша, бұл симптомға неврологиялық белгілерді қоздыратын өкпе ісігі себеп болуы мүмкін. Сарапшы қабақ салбырап қалатын болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге қаралу керек екенін айтты.

"Өкпенің қатерлі ісігінің жалпы белгілеріне үш аптадан астам уақытқа созылатын жөтел, гемоптиз, қатты ентігу, кеуде ауыруы және себепсіз салмақ жоғалту жатады. Кейде науқастарда метастатикалық ауру белгілері байқалады. Олар бас ауруы, ұстамалар, сүйектер мен буындардағы ауырсынуы. Қабақтың салбырап кетуі - бұл адамдар жиі ескермейтін ауыр симптом", - деп қосты Сантис.

Онкологиямен бетпе-бет келген кез келген адам оны жеңуге күшім жетпейді деп ойлайды. Твиттер қолданушылары қатерлі ісік ауруы бар миллиондаған адамдар бар екенін көрсетті және олардың көпшілігі ауруды жеңе алған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары