$ 498.34  519.72  4.85

Covid-19: 225 науқастың халі мүшкіл

43 науқас өкпені  жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алуда.

Денсаулық сақтау министрлігі 12.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 926 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында  1 041 бала бар. Стационарларда 3 999 науқас жатыр.  9 927 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 225 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 43 науқас өкпені  жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алуда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары