$ 498.34  519.72  4.85

Коронавирустың ауыр түріне шалдыққандар ерте қартая ма?

Коронавирус тромбоздың туындауын, жүрекке артық жүктеменің болуын, қант диабеті жағдайларының көбеюін тудырады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Коронавирустық инфекцияның ауыр түрін өткерген адамдардың ағзаларында ерте қартаю үрдістері жүруі мүмкін. Бұл туралы ақпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының шұғыл ресми Telegram каналында жарияланды.

 Ресей иммунологтардың айтуынша, КВИ адам ағзасында созылмалы аурулардың пайда болуына ықпал етсе, бұл адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқаруы мүмкін.

Коронавирус - бұл тамырлардың жүйелі қабынуы. Тамырлар адам ағзасының барлық бөліктерін қамтитын болғандықтан, дене мүшелерінің көпшілігінде қосымша жүктемелер пайда болады, өз кезегінде  жүктемелер індеттің асқынуын тудырады. Бұл дене мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына, олардың олардың функцияларының төмендеуіне әкеледі. Коронавирус тромбоздың туындауын, жүрекке артық жүктеменің болуын, қант диабеті жағдайларының көбеюін тудырады.

Сонымен қатар, дәрігерлер коронавирустың жеңіл түрін өткергендер мен созылмалы ауруларға шалдықпаған адамдарда, індет жоғарыда айтылған асқынулардың болмауы мүмкін екендігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус