$ 443.85  474.3  4.8

Covid-19: 35 науқастың жағдайы өте нашар

Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі 14.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында  1 041 бала бар. Стационарларда 4 139 науқас жатыр.  21 828 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 240 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары