Мутация нәтижесінде пайда болып, Ұлыбританияда тараған коронавирустың SARS-CoV-2 жаңа штамы бұрынғыға қарағанда тез таралады. Бірақ, аурудың қауіптілік деңгейін өзгертпейді. Бұл туралы 24kz, Sky News дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19-ға қарсы жаһандық күрес жөніндегі арнайы өкілі Дэвид Набарро осылай деді.
«Ол өте жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес», - деді. Набарро жаңа штамға байланысты эпидемиямен күресудің тәсілдеріне өзгерістер енгізілмейтінін атап өтті. Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда коронавирустың тез таралатын түрі шыққанын хабарлаған болатынбыз.