$ 442.05  474.14  4.74

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина қашан дайын болады?

Қазақстандық вакцина сынақтың үшінші кезеңінен өтуде.
фото: interfax.ru
фото: interfax.ru

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық вакцина не себепті әлі ауруханаларға жеткізілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстандық вакцина сынақтың үшінші кезеңінен өтуде. Екпе регламент бойынша жүзеге асырылады. Барлық вакциналар дәл осындай дайындық кезеңдерін өткереді. Уақыт жағынан да осылай. Қазақстандық вакцина дайын, тиісті құжаттарды реттеген соң егуге жібереміз. Шамамен сәуір айының соңында шығарамыз. Қазір вакцинаны дайындаушының клиникалық сынақтардың нәтижелерін рәсімдеуін күтудеміз. Осы құжаттар негізінде вакцина медициналық мекемелерге жөнелтіледі ме, жоқ па анықталады", - деді Цой. 

Сонымен қатар, министр қазақстандық вакцинаның басқаларынан не себепті кеш дайындалғанын түсіндірді. 

"Біз вакцинаға жүз пайыз сенімді болу үшін оның тұрақтылығын, қауіпсіздігін, тиімділігін әрбір кезеңде саралауымыз қажет. Екпені дайындау мерзімі созылып кеткен жоқ, барлығы да регламент бойынша іске асырылуда. Бұған қоса, коронавирустың Қазақстанға кешігіп келгенін ескеруіміз қажет. Біздің ғалымдар коронавирус штаммына үш айдан кейін ғана қол жеткізді. Үш мыңға жуық адамға екпе салынды. Қорытындаларды күтудеміз. Содан кейін сіздерге нәтижелер жайлы хабарлап, вакцина жаппай егілуге жіберіледі", - деді министр. 

Еске салайық, бұған дейін министр вакцина ақылы түрде салынбайтынын айтқан еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары