$ 494.87  520.65  4.91

Жалқаулықтан қалай арылуға болады?

Психиатрдың пікірінше, адамның өзіне деген сенімін қайта жандандырып, еріншектіктен құтылудың бірнеше әдісі бар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Психиатр дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Фомин адамның қандай да бір әрекеттерді орындауға деген құлшынысының мүлдем болмауы менталды ауытқулар салдарынан болуы мүмкін деп санайды.

"Жалпылама алып қарағанда жалқаулық адамның өз-өзіне сенбеуінен, алдағы міндетті дұрыс орындай алуына сенімсіздігінен туындайды. Бұл өз мүмкіндіктеріне үнемі күмәнданып тұруға итермелейтін терең ой түкпірінде жатыр", - деп түсіндірді психиатр Sputnik радиосына берген сұқбатында.

Жалқаулық ағзаға да, психикаға да зиян келтіреді. Яғни ол адамның физикалық шаршауымен қатар оның психологиясында күрделі проблемалардың пайда болуына әсер етуі мүмкін. Ондай жағдайда маманның көмегі қажет болады.

Психиатрдың пікірінше, адамның өзіне деген сенімін қайта жандандырып, еріншектіктен құтылудың бірнеше әдісі бар.

"Мұндай күйге түскен адам демалыс алып, басқа жайлы ортаға кетіп қалуы керек. Сондай-ақ, психотропты терапиядан өтіп, дәрі қабылдауы керек немесе психотерапевт, коуч немесе психологтың көмегіне жүгінуі қажет. Егер менталды проблемалар туындаса, онда осы аталған мамандардың көмегімен туындаған мәселені егжей-тегжейлі қарастыруға және шешімін табуға болады. Себебі кей адамдардың өзіне деген сенімсіздігі асқынып кететіні соншалық, олар кез-келген жағдайдың аяғы жағымсыз аяқталады деп ойлайды", - дейді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары