$ 498.34  519.72  4.85

Қайта екпе салдырмаған дәрігерлердің науқаспен жұмыс істеуіне тыйым салынады

Оларды пациенттермен жұмыс істемейтін жерге ауыстыруы мүмкін.

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева ревакцинация жасатпаған медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Вакцина алмаған, қандай да бір жеке себебі бойынша ревакцинация жасатқысы келмейтін дәрігерлер науқастармен жұмыс істеуге жіберілмейді. Егер дәрігерлердің вакцинадан бас тартуының нақты себебі, медициналық қарсы көрсетілімі болмаса немесе соңғы үш айда коронавируспен ауырмаса, онда олар науқастармен жұмыс істеуден шеттетіледі", - деп жауап берді ол.

Ол бұл ең дұрыс жол екенін мәлімдеді.

"Оларды пациенттермен жұмыс істемейтін жерге ауыстыруы мүмкін. Мысалы, статистика бөліміне көшіріледі", - деді Сұлтанғазиева.

Алматыға Pfizer вакцинасы жеткізілген болатын. Бұл вакцинаны қазірге дейін 3 714 адам салдырды. Қаладағы медициналық ұйымдарда, қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында 132 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Оған 201 егу бригадасы, 756 медицина қызметкері жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары