Денсаулық сақтау министрлігі 21 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 14 адам қайтыс болды.
21 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 408 адам коронавирус инфекциясынан (–26 231+ және 4 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 410 пациент стационарда, 23 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 486 адамның жағдайы ауыр,
• 124 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 21 қарашадағы мәлімет бойынша 101 жаңа жағдай тіркелді, 199 адам жазылып шыққан, 7 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 81 955;
- өлім жағдайы – 5119;
- барлығы 72 659 адам сауығып шықты.