Еуропаның кейбір елдері карантин шараларын күшейтті Еуропаның бірқатар елі коронавирусқа байланысты шектеу шараларын күшейту туралы айтуда.
Испания билігі вакцинация туралы сертификаттың бар болуына қарамастан инфекцияның таралу қаупі жоғары елдерден келген барлық жолаушылардан коронавирусқа теріс тест талап етуді қолға алуда, деп жазады ҚазАқпарат.
Испания ЕО құрамына кірмейтін «тәуекел тобындағы елдер» қатарына 20-ға жуық мемлекеттен басқа барлық елді жатқызады. Германияда жетекші вирусологтар бүкіл халықтық қатаң карантин енгізуге шақыруда. Дәрігерлер вакцинацияланбаған адамдарды оқшаулауды ұсынады.
Эпидемиолог Александр Кекуле: «Біз толық оқшауланбай төртінші толқынды тоқтата алмайтынымызды мойындауымыз керек», — деді. Австралия коронавирустың жаңа штамының пайда болуына байланысты Африканың тоғыз елінен келгендерге елге кіруге тыйым салды. Бұл - Ботсвана, Зимбабве, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Сейшел аралдары, Эсватини және Оңтүстік Африка.
Еске салсақ, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған еді. Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін екендігі айтылды. Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді.