$ 444.22  476.38  4.82

«Жүрек пен бүйректі емдеудің қайнар көзі»: Сүттің біз білмейтін емдік қасиеттері

Сүт пен сүт өнімдерінің семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек дертін емдеудегі маңызы ерекше.

Басылымдарда ұзақ өмір сүрудің түрлі әдістерін  ұсынылып келеді. Ал, ұзақ әрі сапалы өмір сүріп, деніміздің сау болуы біздің тамақтануымызға тікелей екені сөзсіз. Әлемде ең ұзақ жасайтын тау халықтарының жүз жастан асқандарының «ұзақ өмір» құпиясы да осында. Олардың негізгі тағамдары әрқашан да піскен сүт, айран, қаймақ, ірімшік, т.б. сүт өнімдері екені анықталған. Өзге де Шығыс Африкадағы кейбір халықтар тайпалары тек қана сүт өнімдерін қорек еткендіктен жүрек, қан тамырлары, инфаркке өмірі шалдықпаған деген деректер бар.

Әлемнің әр түрлі елдерінде адамдардың көпшілігі дерлік үнемі сиыр сүтін ішеді. Әр адам өз өмірі ішінде он мың литрден сүт ішеді екен.

Өн бойынан әл-қуаты кеміп, жүдеген, әбден қажыған, сондықтан да маңызды тамақ ішулері қажет болатын жандарға сүт таптырмайтын тағам. Сүт кейбір өндіріс қызметшілерін кәсіби сырқатқа шалдығудан сақтау үшін ең жақсы ем.

Ықылым замандардан келе жатқан ғалымдар мен ойшылдардың сөзіне сенсек, олар сүтті «денсаулықтың қайнар көзі», «өмір шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан кез-келген тағамды алмастыра алады, ал өзге бірде-бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес, сүт кәріге де, жасқа да бірдей пайдалы деп кәміл сеніммен айтуымызға болады, - деп жазады зерттеушілер.

Ғылымның нақты деректеріне сүйенсек, сүтте тірі организмдердің өсуі мен дамуы үшін қажетті заттардың екі жүзге жуық түрі бар екенін ғалымдар дәлелдеп берген. Олар: белоктар, май, минерал тұзы, түрлі дәрумендер, сүт қанты, түрлі ферменттер т.б., оның үстіне осылардың бәрі адам ағзасына жұғымды, әрі тез сіңетіні анық.

Белгілі ғалым С.П. Боткин өзі жүргізген тәжірибелерге сүйене келе, «сүт жүрек пен бүйректі емдеуге аса бағалы зат» деген тұжырымға тоқтаған.

Ешкі сүті балаларды іш өтуден, Боткин ауруынан сауықтырады, сондай-ақ, өкпе дертінен тез сауығуға септігін тигізеді. Оған қоса, сүтте сілті реакциясы болады, сондықтан оны асқазанының қышқылдығы жоғары адамдардың ішкені жөн, сондай-ақ сүттің түрлі аллергияға қарсы қасиеті бар, сол себепті теміреткісі, демікпесі және безгегі бар адамдар үшін де шипасы зор.

Емдік маңызы жағынан қой сүті ешкі сүтімен бара-бар.

Ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа сүт тағамдары да адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алу үшін және емдеп жазу үшін кеңінен қолданылады.
Сүт пен сүт өнімдерінің семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек дертін емдеудегі маңызы ерекше. Бұл өнімдерді мысалы, адамның салмағын жеңілдету үшін де қолданады, науқастын қарны да ашпайды, шөлдемейді де.

С.Хигуши (Жапония) бірқатар дәрі-дәрмекті қоса қолданып, соның ішінде йогурт ішкізіп емдегенде, атом сәулесінен зақымданған 7 адам үш айдың ішінде жазылып кеткенін хабарлайды. Бір жыл бойы күн сайын радиоактивтік сәуле түсірілген 50 адамньің бірде-бірі зақымданбаған, өйткені олар күнде бір литрден йогурт ішіп отырған. С.Хигуши сүтте бар цистин мен глутатион атомның сәуле шығаруынан болатын зардаптардан ағзаны қорғайды деп тапқан. Тегі лизиннің де маңызы зор болғаны ғой.

Нәресте дүниеге келген күннен бастап тек қана емшек сүтімен қоректенетіндіктен, сүттің азықтық керемет қасиеті де осы кезде анық сезіледі. Медициналық өлшем бойынша егде тартқан адамдар тәулік ішінде азықпен бойларына сіңіретін белоктың кем дегенде үштен бірі сүт, ақ ірімшік, сыр белогы болуы шарт. Жүкті және емшекте баласы бар әйелдердің күн сайын басқа сүт өнімдерін былай қойғанда бір литр шамасында сүт ішкендері абзал.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары