Жарнаманың дамыған заманында, әсіресе дәрі-дәрмек, дәрумендердің денсаулыққа пайдалы немесе зиян екенін ажырату қиынға соғып жүр. «Бұл дәрі емес, «БАД», дегенді жиі естиміз. Яғни, ол дәріден де мықты деген сөз бе? Немесе «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп, сырқаттың алдын алу жолы ма?
Ресми ақпараттарға сүйенсек, биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) қабылдау пайдалы тағамды алмастырмаса да, оны дененің толық жұмыс істеуі үшін қажетті пайдалы компоненттермен толықтыруға көмектесетіні айтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) дегеніміз не және олардың денсаулығымызды сақтаудағы нақты рөлі қандай?
Биологиялық белсенді қоспалар -денсаулыққа белгілі бір пайда әкелу үшін қолдануға болатын табиғи заттар жиынтығы. Биологиялық қоспаларға мыналар жатады: мультивитаминдер, минералды кешендер, эхинацея сығындысы, омега 3, хондопротекторлар және иммуномодуляторлар.
Дамыған елдерде диеталық қоспалар миллиондаған адамдардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Сарапшылар тағамдық қоспалар нарығы алдағы 5 жылда 260 млрд.долларға жетеді деп болжайды.
Биологиялық белсенді қоспалар шынымен пайдалы ма?
Белсенді қоспалар дәрі болып есептелмегендіктен, рецептсіз сатылады. Бірақ, ББҚ құрамында дәлелденген емдік қасиеттері бар заттар жоқ екенін білген жөн. Сондықтан олар аурудың алдын ала емдей алмайды. Белсенді қоспалардың көпшілігінің тиімділігі клиникалық зерттеулермен расталмаған, сонымен қатар оларды қабылдаудың зияны туралы дәлелдер бар екені де айтылады.
Мысалы, мультивитаминдерді алайық. Олардың құрамында 10-нан астам компонент болуы мүмкін. Сізге олар қажет пе? Мұндай дәрумендерді қабылдау ұсынылмайды, өйткені мультивитаминдерді бақылаусыз қабылдаудың зиянын көрсететін бірқатар зерттеулер бар. Сонымен қатар, адамның өзі дәрумендерді тағайындайтын және көбінесе қабылдау ережелерін сақтамайтын немесе оларды ұзақ уақыт тұтынатын жағдайлар сирек емес.
Егер сіз биологиялық белсенді қоспаларды қабылдап жүрсеңіз, онда дозаны ұстанудың маңыздылығын ұмытпаңыз. Мысалы, бета-каротиннің шамадан тыс мөлшері темекі шегушілерде өкпе ісігінің даму қаупін арттырады. Кальций мен D дәруменін көп қабылдау бүйрек тастарының пайда болу қаупін арттырады.
Кейбір ББҚ ауыр аурулардың дамуына жол бермейді деген миф бар. Көптеген адамдар жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін мультивитаминді, С, Д дәрумендерін, кальцийді қабылдайды. Бірақ оларды осы ауруларды емдеу немесе алдын-алу үшін қолданудың тиімділігі дәлелденбеген.
Белсенді қоспалар нақты медициналық көрсеткіштері бар адамдарға пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, остеопороз кезінде дәрігер D дәрумені мен кальцийдің қосымша дозасын тағайындай алады. Сондай-ақ, витаминдер Крон ауруы бар немесе ас қорыту процесі қиын целиак ауруы бар адамдарға қажет.
Дені сау адамдар үшін ағзаны пайдалы заттармен және минералдармен қамтамасыз етудің ең жақсы нұсқасы – дұрыс және теңдестірілген тамақтану. Ешқандай қоспалар теңдестірілген диетаны алмастыра алмайды. Сондықтан, егер сіз биологиялық белсенді қоспаларды қабылдасаңыз да, пайдалы тағамдарды ұмытпаңыз. Өйткені, ол қоректік заттардың негізгі көзі болуы керек.
Егер сіз биологиялық белсенді биолгиялық қоспаларды қабылдауды шешсеңіз, дәрігермен кеңескеніңіз дұрыс. Есіңізде болсын, кейбір қоспалар дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттеседі, бұл ағзаға жағымсыз болып, тіпті қауіпті әсер етуі мүмкін.