$ 481.84  531.33  5.07

«Зейнет жасын қайта қараймыз» - Тамара Дүйсенова

Жақында бұл жөнінде тұжырымдамамызды береміз.
Коллаж: Ulysmedia.kz
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанда алдағы жылдары денсаулық сақтау саласына қатысты ауқымды жоба іске асырылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Пандемияға байланысты азаматтарымыздың денсаулығы, өмір сүру ұзақтығына байланысты (заңға) өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне де өзгерістер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл қаңтардан бастап зейнет жасы 61 жас деп тоқтады. Алдағы 5 жылда денсаулық сақтау саласында үлкен ұлттық жоба жүргізілгелі жатыр. Оның негізгі мақсаты – ауылдарда медицинаны жақсарту, көпсалалы ауруханаларды көбейту, яғни мамандандырылған медициналық көмекті азаматтарға жеткізу, телемедицина, ерте скрининг сияқты мәселелерді қарастыру. Осы жұмыстардың нәтижесінде адамдардың өмір сүру жасы ұзарса, онда 2029 жылдан кейін қайта қаралады», - деді министр Сенат отырысында.

Сондай-ақ, Дүйсенова еліміздегі бұл жағдай дәл осылай қалса немесе керісінше нашарласа, онда зейнетке шығу жасы қайта қаралатынын жеткізді.

«Зейнетке ерте шығу мәселесі қолданыстағы заңда бар. Егер ананың 5 баласы болса, ол 53 жаста зейнетке шыға алады. Семей ядролық полигоны аймағында тұрған азаматтарға қатысты нормалар ескерілген. Бұдан бөлек, зейнетақы қорларында зейнетақы активі болса, 55 жасында зейнетақы аннуитеті арқылы шығу қарастырылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыр жұмыс істейтен азаматтардың зейнет жасын, зейнетақысын қарастыру жөніндегі мәселесін тиісті жұмыс тобы атқарып жатыр. Жақында бұл жөнінде тұжырымдамамызды береміз», - деді ведомство басшысы.

Айта кетсек, бұдан бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшерін жариялаған.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әйелдердің зейнетке шығу жасын әр бала туған сайын 2 жылға қысқарту туралы Мәжілістің таратылған 7-ші шақырылым депутаттарының ұсынысына жауап берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары