$ 443.85  474.3  4.8

Қарағандыда ірі мыс зауытының жұмысшылары жарты жылға жуық жалақы көрмеген

Мыс зауыты жұмысшыларының шыдамы біткен. Олар бірнеше айдан бері жалақы алмаған, алайда жұмысты тоқтатқан емес.
Фото: ru.freepik.com
Фото: ru.freepik.com

Кәсіпорын басшылығы жұмысшыларға 140 миллион теңгеден астам қарыз. 100-ден астам адам өз еңбегінің ақысын ала алмай жүр. Олар еңбек инспекциясына ұжымдық шағым жазған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мыс зауыты жұмысшыларының шыдамы біткен. Олар бірнеше айдан бері жалақы алмаған, алайда жұмысты тоқтатқан емес.

"Мен бұл компанияда өткен жылдың қазан айынан бері жұмыс істеп келемін. Содан бері 6 ай өтті. Екі ай жалақы алдым, одан кейін ақша көрмедім. Үйде балалар аш. Біз тиісті ақшаны төлеуді талап етеміз", - деп ашуланды компания қызметкері Мамық Несіпбек.

Жұмысшылардың зейнетақы және медициналық сақтандыру төлемі де аударылмаған.

"Мен желтоқсаннан бастап жалақы алмадым, міне төрт ай өтті! Зейнетақы қоры да, медициналық сақтандыру да төленбейді", - деді компания қызметкері Бауыржан Оразалиев.

Кәсіпорын басшылары шикізат жоқтығынан жалақы төлемеген. Айтуларынша, компания қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатыр.

"Желтоқсан айындағы берешек 25 наурызға дейін өтеледі. Біз мыс сатамыз, сәйкесінше біз бұл үшін ақша аламыз және еңбекақыны төлейміз. Қаңтар, ақпан, наурыз айларының барлық негізгі қарыздары сәуір айының соңына дейін өтеледі", - деді компанияның бас директоры Мұса Төлегенов.

Алайда компания қызметкерлері жұмыс берушінің уәдесіне сенбейді. Сондықтан олар еңбек инспекциясына жүгінді. Ал еңбек инспекциясы тексеру жүргізіп, шешім шығаруға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары