Экономика 20.03.2023 сағат 12:20

Kaspi.kz-тің 1,2 миллион клиенті депозиттер бойынша мемлекеттік өтемақы алды

Өтемақы бойынша бір клиентке берілген орташа сома 55 000 теңгені құрады.
Kaspi.kz-тің 1,2 миллион клиенті депозиттер бойынша мемлекеттік өтемақы алды
Фото: Kaspi.kz

Kaspi.kz – тің 1,2 миллионнан астам клиенті депозиттер бойынша мемлекеттік өтемақы алды. 
Мемлекет өтемақыны бергеннен кейін компания ақшаны бірден аударды.

«Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы» бойынша өтемақы соңғы жылда депозитте болған ең аз соманың 10% көлемінде болды.  Сыйақының жалпы сомасы - 66,4 миллиард теңге. Өтемақы бойынша бір клиентке берілген орташа сома 55 000 теңгені құрады. 
 

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар