$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда газ бағасын негізсіз көтерген компанияға 78 млн теңге айыппұл салынды

Алматы қаласының прокуратурасымен тауарлық газға тариф төмендетілді.
фото: kapital.kz
фото: kapital.kz

Алматы қаласының прокуратурасымен тауарлық газға тариф төмендетіліп, 11 мың тұтынушының құқығы қорғалды. 

Қалалық прокуратураның мәліметінше, тексеру кезінде "APL Construction" ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сондай-ақ орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану жағдайлары анықталған. 

"Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың текше метр үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7%-ға), 184 млн теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді. Бұдан басқа монополист ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 78 млн теңге айыппұл өндірілді", - делінген хабарламада.

Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарындағы 11 мың тұтынушының, оның ішінде 300-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары