Елімізде әуебилеттері арзандауы мүмкін. Өйткені FlyArystan авиакомпаниясы Air Astana-дан бөлініп, 2024 жылы өз басына бөлек мекеме болады, деп жазады Atameken Business арнасы.
Әзірге ол ұлттық тасымалдаушының құрылымдық бөлімшесі. Яғни, екі компания келесі жылдан бастап бәсекелес атанбақ. Ал бұл, өз кезегінде, авиабилеттер бағасының төмендеуіне әсер етеді.