Экономика 09.04.2023 сағат 11:30

Пияз экспортына салынған тыйым алынып тасталды

2023 жылдың  8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдеріне пияз әкетуге шектеу енгізілген.
Пияз экспортына салынған тыйым алынып тасталды
Фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі пияз экспортына салынған тыйымның алынғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар 2023 жылдың  8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдеріне 20 000 тонна мөлшерінде пиязды әкетуге шектеу енгізілген.

"Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауарларды әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 тоннадан аспайды", – делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар