2014 жылы Ресей Федерациясына 9700 тонна көлемінде сиыр етін экспорттау жоспарланған, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Мұндай жоспар 2014 жылғы 14 мамырдағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және республикадағы облыс әкімшіліктері арасында қол қойылған «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетінің дамуы» жобасының аясында жасалған үш жақты меморандум аясында қолға алынып отыр.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі сайтында хабарланғандай, бұл көрсеткіш сиыр етінің өндірілетін көлеміне сәйкес және тұрғындардың тұтынуын есепке ала отырып осы көрсеткіш облыстарға бөлінді. Сиыр етін экспорттау бойынша Меморандумның орындалу мониторингі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы «ҚазАгроӨнім» АҚ-мен өткізіледі.
2014 жылдың 15 шілдесіне алдын ала жасалған мониторинг нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың сиыр етінің экспорты 1 510,4 тоннаны құрады, соның ішінде салқындатылған сиыр еті — 693,3 тонна.