$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жергілікті басшылық 16 базарды бұзып тастады

Алматыда Солтүстік айналма жолының инфрақұрылымын қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Аты шулы «барахолканың» орнына 15 заманауи ірі сауда орталықтары бой көтермек, деп хабарлайды Nur.kz

Оның 4-уі осы жылы пайдалануға берілсе, қалғаны 2016 жылдың аяғына дейін ашылады деген жоспар бар. Бұл жайында Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары айтып отыр.

Бүгінге дейін сот шешімі бойынша, қызыл сызыққа кірген 16 базар сүрілген. Тағы он шақтысы жарым-жартылай бұзылды.

Сондай-ақ, Солтүстік айналма жолын салу жұмыстары қыза түскен. Сегіз жолақты магистраль мен қосалқы жолдар және 5 жаяу жүргінші өткелі салынады деп жоспарланған. Осы маңдағы кейбір жер үйлер де сүрілуі мүмкін. Олардың орнына автотұрақтар салу жоспарланып отыр.

— Басынан осы жолды транзиттік көліктерге босату мәселесі болды. Одан басқа базарлардың жағдайы бар. Өйткені біз жер сілкіну аймағында тұрамыз. Бұл базарлар 9 баллдық жер сілікінісіне төтеп беруі керек. Және өртке қарсы нормалар бар. Соның бәріне бұл ғимарттардың ешқайсысы сай емес болған, — дейді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтілеу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары