1. Белгілі маркалы ұялы телефондарды, автокөліктерді, тұрмыстық техникаларды және т.б. нарық бағасынан төмен бағаға сатуды сылтауратып, әлеуметтік желілерде және жарнама орналастыруға арналған қосымшаларда жоқ тауарды сату. Сіз өнімді таңдап, алдын ала төлем жасайсыз, содан кейін сатушы сізді барлық әлеуметтік желілерде бұғаттайды.
2. Банктердің қауіпсіздік қызметінен сіздің карталарыңыздан күдікті транзакциялар жүргізіліп жатқанын және сіз «сақтандыру шотына» ақша аудару керек екенін айтатын қоңыраулар немесе олар сізден сіздің абоненттік нөміріңізге келген кодты айтуды сұрайды.
3. Сіз тауарды сатылымға шығардыңыз және сізге «әлеуетті сатып алушылар» телефон соғады, олар сіздің тауарыңызды сатып алуға дайын екенін айтады, бірақ қазір қалада емес екендігін айтады, ал сатып алушының бухгалтері сізге хабарласып, транзакцияны аяқтау үшін CVV коды бар банк карталарының толық мәліметтерін жазу керек немесе телефоныңызға келген кодты жазуды сұрайды.
4. Карточкаға кепілдік жарнаны төлеуді талап ете отырып, нарықтан төмен бағамен пәтерлер мен коттедждерді жалға беру.
5. Электронды аударыммен алдын ала төлем сұрай отырып, сайттар арқылы жоқ көлікті сату.
6. Әлеуметтік желілерде, атап айтқанда, «Instagram» әлеуметтік желісінде ақшаңызды «көбейтуді» ұсынатын аккаунттар пайда болды, яғни олар қысқа мерзімде үлкен дивидендтер уәде етеді, айталық, сіз 30 000 теңге салсаңыз, олар сіздің картаңызға 5 сағатта 300 000 теңге қайтаруға уәде береді, ешқашан мұндай күмәнді жобаларға ақша салмаңыз, бұл - алаяқтар.
7. Шетелдік инвестициялық бағдарламалардың сайттары бар (QuestraWorld, AssetWorldManagement және т.б.), олардың қызметкерлері әртүрлі елдердегі әртүрлі абоненттік нөмірлерден қоңырау шалып, оларда ең тиімді бағдарлама бар екеніне сендіреді, сіз ақша салғаннан кейін олар қоңырауларға жауап бермейді, сондай-ақ бұғатталған шотты ашу үшін қосымша қаражатты немесе комиссиялық сыйақыны сұрауы мүмкін.
Қырағы және сақ болыңыз!