Нәтижесінде нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады.
Павлодар облысының прокуратурасы тексеру нәтижесінде Екібастұз әкімдігінің 1 001 197 999 теңгеге жасаған келісімін тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Прокуратура МАЭС-3 құрылысына арналған жерлерді сатып алуға бөлінген 1 миллиардтан астам бюджет қаражатының шығындалуына жол бермеді.
Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған.
Нәтижесінде нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарылды, учаскелердің меншік иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды.