$ 494.87  520.65  4.91

1,6 миллионға жуық қазақстандық қарызын төлей алмай жүр

Бүгінгі таңда 8,5 млн жуық қазақстандықтың қарызы бар.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мәжіліс кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Түзетулерді депутаттар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру мақсатымен әзірледі.

Бүгінгі таңда 8,5 млн жуық қазақстандықтың қарызы бар, оның 1,6 млн жуығы қарызын уақытында өтей алмай жүр. 

Заң жобасында қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық несиелер бойынша 90 күннен асқан берешегі бар тұлғаларға сыйақы есептеуге тыйым салу көзделген. Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты.  

Құжатқа қарыз алушының несие бойынша ай сайынғы төлемінің ресми табысының жартысынан аспауы туралы талап енгізілген. Оны банктер мен микроқаржы ұйымдары сақтауға міндетті болады. Бұдан бөлек тұтынушылық кредит ұғымы енгізіледі және нормативтік деңгейде оның ең жоғары мәні шектеледі (банктер үшін – 5 млн теңге, микроқаржы ұйымдары үшін – 2 млн теңге).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары