$ 478.77  548.62  5.87

«Цифрлық теңгемен» алдап жатыр: алаяқтар белсенді, банктер бақылаудан тыс қалған ба?

Қазақстанда «цифрлық теңге» арқылы табыс табуды ұсынатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Әлеуметтік желілерде «мемлекеттік инвестициялық жоба» деген жалған жарнамалар таралып, азаматтарды күмәнді сайттарға бағыттау фактілері көбейген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, цифрлық теңге - ұлттық валютаның цифрлық нысаны және заңды төлем құралы. Ол инвестициялық құрал емес және табыс табуға арналмаған. Алайда осыны желеу еткен алаяқтар азаматтарды «жоғары табысқа» сендіріп, жалған платформалар арқылы қаражат жинауда. Мәселенің бір қыры - алаяқтардың айласы болса, екінші жағы – қаржы жүйесінің әлсіздігі. Қазіргі таңда банк жүйесі арқылы өтетін күмәнді аударымдарға бақылау жеткіліксіз екені байқалады. Қысқа уақыт ішінде белгісіз шоттарға бірнеше мәрте ақша аудару - алаяқтықтың айқын белгісі. Соған қарамастан, мұндай операциялар дер кезінде тоқтатылмайды. Банктер клиенттерге қойылатын талапта қатаң. Қарапайым азамат қате аударым жасаса, қаражатын қайтару қиын. Ал алаяқтық әрекеттерге қатысты мұндай жеделдік пен қатаңдық байқалмайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды сақ болуға шақырып отыр. Дегенмен, қаржылық қауіпсіздік тек ескерту жасаумен шектелмеуі тиіс. Сарапшылардың пікірінше, банктерде күмәнді операцияларды анықтайтын жүйелер бар. Бірақ олардың тиімділігі төмен немесе кеш іске қосылады. Нәтижесінде алаяқтық әрекеттер уақытында тоқтатылмай, азаматтар шығынға ұшырайды. Бұдан бөлек, банктердің өздері де клиентті қорғауға мүдделі емес деген пікір күшейіп келеді. Өйткені қаржы айналымы неғұрлым көп болса, банк табысы да артады. Ал әрбір күмәнді операцияны терең тексеру – қосымша шығын мен уақыт. Қазіргі жүйеде банктер көбіне тек формалды бақылаумен шектеледі. Яғни, күмәнді операциялар анықталған күннің өзінде, нақты әрекет кеш қабылданады немесе мүлде қабылданбайды. Тағы бір мәселе – ақпараттың ашық еместігі. Қанша адам алаяқтарға ақша аударды, қанша қаражат қайтарылды, банктердің өздері қаншалықты жауапкершілік алды – бұл сұрақтарға нақты жауап жоқ. Соның салдарынан барлық тәуекел азаматтың мойнына жүктеледі. Ал банк тек қаржы айналымын қамтамасыз етуші ретінде ғана қалып отыр. Шын мәнінде, заманауи банк жүйесі тек ақша сақтау мен аударым жасау құралы емес. Ол – клиенттің қаржылық қауіпсіздігіне толық жауап беретін институт болуы тиіс.

Егер банктер күмәнді транзакцияларды алдын ала анықтап, дер кезінде бұғаттау механизмін күшейтпесе, мұндай алаяқтық әрекеттер жалғаса береді. Бұдан бөлек, банктердің өздері де клиентті қорғауға мүдделі емес деген пікір күшейіп келеді. Өйткені қаржы айналымы неғұрлым көп болса, банк табысы да артады. Ал әрбір күмәнді операцияны терең тексеру – қосымша шығын мен уақыт.

Қазіргі жүйеде банктер көбіне тек формалды бақылаумен шектеледі. Яғни, күмәнді операциялар анықталған күннің өзінде, нақты әрекет кеш қабылданады немесе мүлде қабылданбайды. Тағы бір мәселе – ақпараттың ашық еместігі. Қанша адам алаяқтарға ақша аударды, қанша қаражат қайтарылды, банктердің өздері қаншалықты жауапкершілік алды – бұл сұрақтарға нақты жауап жоқ. Соның салдарынан барлық тәуекел азаматтың мойнына жүктеледі. Ал банк тек қаржы айналымын қамтамасыз етуші ретінде ғана қалып отыр.

Шын мәнінде, заманауи банк жүйесі тек ақша сақтау мен аударым жасау құралы емес. Ол – клиенттің қаржылық қауіпсіздігіне толық жауап беретін институт болуы тиіс. Егер банктер күмәнді транзакцияларды алдын ала анықтап, дер кезінде бұғаттау механизмін күшейтпесе, мұндай алаяқтық әрекеттер жалғаса береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0