ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заңнама жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» оған ілеспе құжаты кірген заңнама жобалары әзірленді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бүгінгі таңда республикадағы аграрлық кооперация дамымауда. Қазақстанда кооперация құрамындағы шаруа және фермерлік шаруашылықтардың үлесі 1,5 % аспайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 140 % (АҚШ – 100%, Франция – 100%, Испания – 120%, Нидерланды – 140 % – ЭЫЖҚ және азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының мәліметі) жетеді.
Қазіргі таңда аграрлық кооперация қызметі бес заңмен регламенттелген: «Тұтыну кооперативі туралы» ҚР Заңы, «Өндiрiстiк кооператив туралы» ҚР Заңы, «Селолық тұтыну кооперациясы туралы» ҚР Заңы, «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» ҚР Заңы, «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» ҚР Заңы. Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы үш заңның күшін жойып, «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» жаңа заңды және жеке тұлғалардың өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанында ауыл шаруашылық кооперативтерін құруды қарастырып отыр. Құжатқа пайданы бөлу мүмкіндігі, ревизиялық одақтардың (қауымдастықтардың) кооперативтерге тексеріс жүргізу мүмкіндігі және аталған қызметтердің шығындарын субсидиялау және де шектеусіз барлық аграрлық кооперативтер үшін арнайы салық режимін қолдану ұсынылып отыр.