ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Акционерлік қоғамының күзгі сатып алу бағасын хабарлауын сұрайды. Бұл туралы ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Кәсіпкерлер палатасы сайтының жазуынша, төраға орынбасарының өзіндік тұжырымы бар. Ол Ұлттық палата сарапшылары астық нарығындағы ағымдағы жағдайға талдау жасау негізінде 3 топтағы «стандартты» бидайдың бір тоннасы үшін әділетті баға күзгі кезеңде кем дегенде 35 мың теңге болып қалыптасады, деп санайды.
– Сәйкесінше, «Азық-түлік корпорациясының» дәстүрлі күзгі сатып алуының бағасы да осы сомадан кем болмауға тиіс, – деп нақтылады Рақым Ошақбаев.
Сонымен бірге, Ұлттық палата мемлекеттік сақтық қорына сатып алу көлемін 1 млн тоннаға дейін көбейту жолымен астық нарығындағы мемлекеттің қатынасуын ұлғайтуды лайықты деп санайды. 2013 жылы бұл көрсеткіштің 20,8 млн тонна түсім болған жағдайда 280 мың тоннаны құрағанын естеріңізге сала кетейік.
Ұлттық палатада астық сапасына қарай сатып алу бағасына саралау енгізуді сұрайды. Яғни, сапа бойынша сатып алудың екі бағасын хабарлау қажет: бірі «стандартты» бидай үшін, келесісі жоғары сапалы бидай үшін.