$ 494.87  520.65  4.91

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ алдағы қыркүйекте 14 компанияның активтерін сатылымға шығармақ

2014 жылғы қыркүйекте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 14 компанияны сатуға шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде осы активтерді сатуға дайындау жұмыстары аяқталып келеді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оның айтуынша, «Қазақстан темір жолы» АҚ құрамынан 9 компания, «Қазақстан Инжиниринг» АҚ-дан 2 компания, «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 1 еншілес ұйымы және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның екі компаниясы сатуға шығарылмақ.

Қордың Басқарма төрағасының орынбасары активтерді сатуды ашық жүргізу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік комитетінің сайтында сатылатын нысандар туралы ақпарат үнемі жаңартылып жатыр. Қор мүдделі инвесторлар арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, 2014-2016 жылдардағы жекешелендірудің кешенді жоспарын жасағаны белгілі. Осы ретте Қордың 106 активі мен нысанын, соның ішінде 2014 жылдың аяғына дейін 64 нысанды жекешелендіру жоспарланған. Бағдарлама мемлекеттің экономикаға қатысын азайтып, жеке сектордың үлесін арттыру арқылы оның іргесін нығайтуды көздейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары