$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордалық қарт кәсіпкер енді туризмді дамытуды қолға алмақшы

Жасы 70 жастан асса да шиелілік кәсіпкер Сүйіндік Аманжоловтың бүгінде жобалық құны 3,6 млн теңгені құрайтын кіші балық өсіру тәлімбағы бар. Енді ол туризмді дамытуды қолға алмақшы, деп хабарлайды Baq.kz.

Балық кластерін дамыту бизнес жоспарын қария «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабынан тапқан. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 3 млн теңге несие алып, қаржысын осы бизнесті дамытуға салады. Бүгінде өз отбасына ғана емес, халыққа пайдалы кәсіптің иесі атанып, отбасылық бизнесті басқарып отыр.  

– Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы Қызылорда облысының барлық ауыл-аймағына жеткізілді. Қазіргі таңда облыстың 7 ауданында кәсіпкерлер палатасының филиалдары жұмыс істейді. Мақсат сауатты, білікті бизнесмендердің санын арттыру. Осы мақсатта аталмыш кітаптың кәсібін бастаушыларға үлкен көмекші құрал болғанын атап өткім келеді, – дейді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

Отбасылық бизнесті жалғастырып отырған кәсіпкер ауылдағы 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылдық қуаттылығы 2,5-3 млн. шабақ өсіру, 18-20 тн. балық сату. Қазіргі таңға «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грант алынып, 1 жүк көлігі, 8 шабақ өсіретін контейнер, инкубациялық аппарат алған. Сондай-ақ, карп тұқымдас балығының 500 мың шабақ, ақ амур балығының 300 мың шабағы өсірілуде. Арал ауданынан 30 карп балығы алынды. Болашақта кәсіпкер туризмді дамытуды қолға алмақшы.

– Біз өз бизнесімізді дамытқымыз келді. Қазіргі таңда біз 4 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жұмыс жасауға ниетті адамның екі қолына бір күрек табыларына, қаласа бизнесін бастауға бүгінгі таңда мүмкіндік көп. Әсіресе жастардың бизнеске қызығушылығы мені қуантады. Шағын және орта бизнеске мемлекет жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Шиелі аудандық кәсіпкерлер палатасынан алған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы арқылы біз отбасылық бизнесімізді дамытудамыз. Алдағы уақытта көлдің жағасына халық демалатын жағажай салғым келеді. Халық көлде жүрген өзіне ұнатқан балықты көрсетсе, біз көз алдында пісіріп, әзірлеп беретін боламыз. Бастысы идея мен ниет бар. Бизнеске басты керегі осы қасиеттер деп есептеймін. Балаларыма тұрақты бизнес түрін қалдырып кеткім келеді, – дейді 70 жастан асқан кәсіпкер Сүйіндік Аманжолов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары