$ 444.32  473.33  4.76

Алматы облысында жекеменшіктегі 126 мың га. астам жер бос жатыр

Аграрлық секторда бірінші кезекте пайдаланылмаған жерлерді қайтарып, оларды ауыл шаруашылығына айналымға тарту, ирригациялық желілерді қалпына келтіру және инновациялық агротехнологияны қолдану арқылы түрлі дақылдардан алынатын өнімді арттыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Өз сөзінде әкім бүгінгі күні Алматы қаласының маңында мемлекеттік жер қоры жоқ деуге болатынын атап өтті. Барлық жер жекеменшіктікі, оның үстіне олар қарастырылған мақсатта қолданылмайды. Облыста 126 мың гектардан астам жер қолданылмай бос тұр, оның 49 мың гектардан астамы суармалы жерлер.

– Пайдаланылмай тұрған жерлерді нақты анықтау үшін жердің санаты, олардың иелері мен оның қандай мақсатта қолданылып келгендігі белгіленген карта жасалатын болады, – деді А.Баталов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары