$ 498.51  522.84  4.81

«Рухани жаңғырудағы» басты рольді жастар атқаруы тиіс

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы қоғамдық сананы жаңғырту идеясы бүкіл қазақстандықтарға қатысты екені даусыз. Алайда, осынау бастаманы жүзеге асыруда жастарға басымдық берілуі керек. Өйткені, «Рухани жаңғыру» ұзақмерзімді жоба, ол болашақта қазақстандықтарды өркениетті елдердің қатарына қосылуды көздейді. Сондықтан, Елбасының үнемі жастарға сенім артып, өскелең ұрпаққа тізгінді көбірек беруі заңдылық.

Жамбыл облысының жастары да дәл осындай пікірде. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын толықтай қолдайтын жастар, игі бастама тікелей өздеріне бағытталған деп санайды. Қазақстандықтардың саны 18 млн-нан асса, жастардың үлесі басым. Жаңалықты әкелетін де жастар. Сондықтан олар ұлттық болмыстан бастау алып, рухани жаңғыратын кезең нақ осы кез деп санайды.  

Осы және өзге мәселелер Тараздағы студенттер қозғалысының 14-ші шақырылымының екінші күнінде өткен жиында сөз болды. Пленарлық отырыста алғаш сөз тізгінін алған аймақтағы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен Елбасының мақаласының мәні мен маңызын атап өтті. Бағдарламалық құжат - стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын болады. Сондықтан, ұлттық қасиетімізді сақтап, болашаққа нық қадам жасау керектігі тілге тиек етілді. Бұл орайда, Қазақстан студенттер альянсының алар орны ерекше. ЖОО-да білім алушылардың басым бөлігі бірлестікке мүше. Бүгінде олардың саны 80 мыңнан асады. Бір ғана, Жамбыл облысында 48 600 студент болса, оның 800-ден астамы альянс жұмысының жандануына  үлес қосуда.

Руслан Қуандық, Алматы қаласы «Қазақстан студенттер альянсының» көшбасшысы:

- Бұл біз үшін өте үлкен тәжірибе болмақ. Себебі өңірлерден келген жастардан бір кішігірім дүние үйренсек, оны біз өз өмірімізде пайдалануға мүмкіндік болады. Кешеден бері бізде пленарлық отырыс болды. Қазіргі студентттердің құқықтары мен мүдделері, қандай жағдай жасалынуда. Өңірдің делегаттары жеткізді. Бұл барлық ұсыныстар мен сұраныстар барлығы жоғарғы жаққа жетеді деген ойдамыз.

Айта кетейік, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы биыл сәуір айында БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Ондағы басты мақсат – қазақстандықтардың санасын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды, руханиятты қайта жаңғырту.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары