Алпауыт 30 елдің қатарына ену үшін экономикалық қуатты, саяси сауатты болу жеткіліксіз. Өйткені, мақсатты бағындыруда рухани жаңғырып, қазақи ұлттық болмысты сақтауымыз тиіс. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы осыны көздейді. Ел азаматтарының алдында мақаладағы мақсат-міндеттерді орындау жауапкершілігі тұр. Осыған орай, Талас ауданында «Туған жер – тұнған шежіре» деп аталатын жиын болып өтті.
Аталған кешке қатысушылар мақалада көтерілген өзекті мәселелер мен өміршең ұсыныстардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бағдарламалық мақаладағы «100 жаңа есім» жайында өз пікірлерін ортаға салды. Жастарды ұлтжандылыққа және отансүйгішттікке тәрбилелеу мақсатында «Туған жер» бағдарламасының атқарар маңызы зор. Айта кетейік, Мемлекет басшысы мақаласында жастарға ерекше тоқталып, қоғамдық сананы жаңғыртуды ең алдымен жастардан бастау керек деп қадап айтқан болатын. Өйткені, өскелең ұрпақ қай бағытқа қарай жүрсе, мемлекеттің де болашағы солай қарай дамитын болады.Осы ретте № 14 Талас колледжінде жас талапкерлердің таным түсінігін арттыратын «Рухани дамыту орталығы» ашылды.Бұл орталықжастарға ұлттық болмыстың өзегін сақтауға сеп болмақ.
Айман Тілеукеева, № 14 Талас колледжінің директоры:
- Бұл орталықты ашудағы мақсатымыз жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлттық болмысын сақтап қалуларына септігімізді сіңіру. Орталықта жастар өзара пікір алмаса алады. Өз ойларын еркін жеткізе алады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы биыл сәуір айында отандық БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Елбасының бұған дейінгі жолдаулары мен бағдарламалары ел экономикасын тіктеуге бағытталған болса, осынау мақала бірінші орынға идеологияны шығарып отыр. Яғни, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін тек экономика тұрғысынан даму жеткіліксіз, экономикамен бірге халықтың танымы өзгеріп, санасы жаңғыруы тиіс. Өзгеше ойлап, жастар ғылымға, аға буын тәрбиеге ден қойған кезде ғана біздің ел нағыз өркениетке қол жеткізбек.
Айта кету керек, аталған мақалада Елбасы жастарға ерекше ден қойып, оларға басымдық берген. Өйткені, «Рухани жаңғыру» - ұзақмерзімді жоба. Онда жазылған мақсат-міндеттер алдағы 15-20 жылда атқарылса үлкен олжа. Ал, ол кезде қазіргі жастар нағыз арқасы қатқан аға буыға айналып шыға келеді.