21.06.2015, 18:00

«Қайнар» қарқынын күшейтті

www.damu.kz

«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы (ҮИИДБ) аясында аккумулятор батарейін өндіретін зауыт жақын және алыс шетелге өз өнімінің 60 пайызын экспорттайды, деп хабарлады «NADLoC» жергілікті қамту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ.

«Қайнар-АКБ» ЖШС – аккумулятор батарейлерін шығаратын кәсіпорын, батарейлердің барлық түрі, басындағы құйылуынан соңындағы топтамасына дейін осы зауытта жүзеге асырылады. Компания «Самұрық-Қазына» холдингінің тауар өндірушілерінің  отандық реестрінде бар. ИИДМБ құралдары тиімді қолданылуда. Екінші дәрежелі банктердің субсидияларына пайыздық салым алып жүр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Қайнар-АКБ» мемлекеттік қолдау аясында өндірісті жаңғыртуды жүзеге асырды, технологияны жетілдіру арқылы өндіріс көлемін 2,5 есеге көбейтті.

Компания өз алдына нақты мақсаттар қойып, өңірлер мен салаларда өзіндік саясат әзірлеген. Тауарлық басым сегменттер де бекітілді – жалпы  санат жанындағы барлық көліктерді жүргізушінің ақпараты бойынша қамтуға жағдай жасалды. Компания нарыққа кең сауда өнімін шығарды.

«Қайнар» Қазақстан мен ТМД елдерінің нарығын қамтуға қауқары бар. Шығын нарығынан бөлек, тұтынушылар арасында Польша, Балтық жағалауы, Иран елдері бар. Болашақта Қытайға өнім жеткізу жоспарланған, БАӘ тарапынан қызығушылық бар. Украина, Беларусь елдерінде «Қайнар» аккумуляторы еуропалық өнімдерге бәсекелестік танытып жүр. Өндірістің негізгі мақсаты – АҚШ, Германия, Жапония елдерінің аккумуляторына бәсекелестік таныта алатын өнім шығару», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2010 жылы компания баламалы энергия көздерін қолдануға көшті, 23 күн панелі орнатылды.

Талдықорған қорғасын аккумуляторлары зауытының құрылысы 1970 жылы басталған болатын, 1975 жылғы қаңтарда алғашқы 6СТ-75ЭМ  аккумулятор батареясы шығарылды. Қысқа мерзім ішінде аккумулятор батареяларының түр-түрін сериялы шығару игерілді. Талдықорған қорғасын аккумуляторлары зауыты КСРО аумағындағы осындай өнім шығаратын бес кәсіпорынның бірі болды.

 «Қайнар» компаниясы отандық аккумулятор батареяларын өндіруші және «Самұрық-Қазына» холдингінің отандық тауар өндіріушілер тізілімінде тұр, сондай-ақ «Интербат» аккуляторлар батареяларын өндірушілердің халықаралық одағына кіреді. Бүгінде «Қайнар АКБ» ЖШС экономикасы дамыған, аяқталған өндірісі бар әлеуеті берік кәсіпорын. Батареялардың барлық детальдары мен компоненттері зауыттың өзінде өндіріліп, дайын өнімдер түрінде ұсынылады.  

Сондай-ақ қорғасын-қышқылды аккумуляторлар өндірісі үлерісі де жетілдіріле түскен. Кәсіпорында жаңа технологиялар қолданылуда, аккумулятор сынықтарын қайта өңдеуден бастап, қорғасынды тереңдете тазартуға дейін жүргізіліп, сурьма, селен, кальций қорытпалары алынып, ақырында, жаңа ұрпақ батареялары шығарылады. Жаңа техенологияларды, жоғары сапалы материалдарды қолдану нарықтың қатал талаптарына жауап бере алатын аккумулятор батареяларын өндіруге мүмкіндік береді және оның жоғары сапасын кепілдендіреді және сонымен қатар шығарылатын өнімдер түрлері ұлғаюда.

 

«Қайнар» компаниясы бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экспортты ұлғайту жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Қазақстандық және ресейлік стандарттарға сәйкес барлық шығарылатын өнімдер сапа бақылауынан өткізіледі, соның арқасында бұл өнімдер тұтынушының ең жоғары талаптарын қанағаттандырып келеді.

 

Жоғарыда аталған жұмыстар кәсіпорынның зор техникалық, интеллектуальдық және кадрлық әлеуетінің жиналуына жәрдемдесті. Кәсіпорында еңбек ететін жоғары білікті мамандар шығарылатын өнімдердің сапасын арттыра түсумен қатар, оны жетілдіре түсуге ұмтылуда.

Тегтер: қазақстан ТМД