ТМД аумағында алтын өндірісі бойынша Қазақстан үшінші орында. Бұл туралы «Astana Mining & Metallurgy» халықаралық VI тау-кен металлургиялық конгресі аясындағы «Қазақстанның алтын өнеркәсібі» атты дөңгелек үстел барысында Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Байытов мәлім етті.
«ТМД елдерінің арасында Қазақстан алтын өндірісі бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейін үшінші орында. Сонымен бірге алтын ресурстары 1,8 мың тоннаға бағаланып отыр. 100-ге жуық алтын өндіретін компаниялар тіркелгенімен, оның ішінде тек 35-і бүгінде қазба жұмыстарын жүргізуде», - деді Байытов.
Атап айтқанда, қазіргі кезде екінші бес жылдық аясында Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуді дамыту бағытына ерекше мән берілмек. Осы мақсаттар үшін алтынды барлау мен өндіру жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдаланушылармен 127 шарт бекітілген екен. Оның ішінде барлау жұмыстарына 58 компаниямен, өндіруге - 37, ал барлау және өндіруді қоса атқаратын 32 компаниямен шарт жасалды.
«Мемлекет алтын бойынша геологиялық базаны кеңейтуге мүдделі. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылар геологиялық барлауға ерекше назар аударып отыр. 2009-2013 жылдары олар бұл бағытта 237 млн. доллар қаржы бөлді», - деді ол.
Жалпы Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша – үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126-сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық) есептелген. Бізде алтын өндірілетін ірі кен орындары: Солтүстік және Орталық Қазақстанда –Жолымбет алтын кені, Бестөбе алтын кені, Ақсу алтын кені, Ақбейіт алтын кені; Батыс Қазақстанда – Юбилейное; Шығыс Қазақстанда – Бақыршық алтын кені, Суздаль, т.б.; Оңтүстік Қазақстанда – Ақбақай алтын кені. Өнеркәсіптік игерілуге Көкшетау ауданындағы аса ірі Васильков кен орны даярланған.
Қазақстанда негізгі алтын көздерінің бірі кенді Алтайдағы колчедан-полиметалл кен орындары: Риддер-Сокол, Тишин, Малеев, Грехов. Алтын, сондай-ақ, мысты-порфирлі Бозшакөл,Самара Ақтоғай мыс кені, Айдарлы, мыс-колчеданды Аралшың, Лиманды, колчедан-полиметалды Абыз, Майқайың, Миөзек, Құсмұрын, Ақбастау, скарндық мыс кентасты Саяқ тобының кен орындарында бар. Ондаған түпкі және кенқайраңдық алтын кен орындары консервацияланған (Бақыршық, Жітіқара, Жарқұлақ, Ақжал, Балажал, Олимпиялық, Кеңгір, Миялы, Құлынжон, т.б.) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс, Сувенир,Алтынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар, Кепкен, Восток V, Комаров І, Қаншыңғыс, т.б.
ТМД - 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия-Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.